Өндіріс аясындағы механикалық қол жұмысының көлемі 95 пайызға азайды. Сонымен бірге зауыттардағы түрлі мәселелерді шешуге жұмсалатын уақыт 85 пайызға қысқарды. Мұндай ерекше нәтижелерге жаңа цифрлық платформаның арқасында қол жеткізілді. Бұл туралы ozgeris.info ақпараттық порталы хабарлады.
"Realize Live Americas 2026" халықаралық конференциясында үлкен жаңалық орын алды. Жиында танымал "Siemens" компаниясы көпшілікке "Intelligence Center X" атты өнімін таныстырды. Бұл жүйе адамдар мен жасанды интеллект тізе қосып қызмет ететін бірыңғай жұмыс ортасын қалыптастырады. Платформа құрамындағы арнайы цифрлық агенттер ахуалды дербес талдап, өзара байланыс орнатады. Олар өндіріс орындарындағы қызметкерлерге тиімді шешім қабылдауға көмектеседі.
Бүгінде жасанды интеллект өте жылдам таралып келеді. Бірақ көптеген кәсіпорындар елеулі қиындықтарға тап болуда. Маңызды мәліметтердің әртүрлі жүйелерде шашырап жатуы үлкен кедергі келтіреді. Оған қоса жасанды интеллектіні басқарудың ортақ үлгісі қалыптаспаған. Қауіпсіздік мәселесі де өзекті күйінде қалып отыр. Жаңадан ұсынылған платформа корпоративтік деректер мен бизнес және жасанды интеллект үлгілерінің арасын жалғайтын алтын көпір міндетін атқарады.
Аталған бағдарлама "Mendix", "Graph Studio" Hydro және "Ai Studio" технологияларының негезінде құрастырылған. Ол инженерлік жүйелер мен өндіріс алаңдарындағы мәліметтерді өзара кіріктіреді. Сондай-ақ тауар жеткізу тізбегі мен дайын өнім шығаратын бөлімшелердің деректерін тығыз біріктіреді. Осылайша бизнестің біртұтас цифрлық контексі түзіледі. "Siemens" корпорациясы болашақта бұл технологияны өндіріс пен логистикада күнделікті қолданысқа енгізуді көздейді. Сонымен қатар экономиканың өзге де маңызды салаларында кеңінен пайдалануды мақсат тұтады.