Жаңалықтар

Қазақстанда 22 қыркүйекте ауа райы құбылмалы болады: жауын-шашын, шаңды дауыл мен өрт қаупі күтіледі

22 қыркүйекте Қазақстан аумағында ауа райы екі түрлі құбылыстың ықпалында қалыптасады: шығыста әлсіреп бара жатқан антициклон әсер етсе, қалған өңірлерде оңтүстік циклон белсенділік танытады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

 

Синоптиктердің мәліметінше, шығыс аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің басқа бөлігінде оңтүстіктен келген циклон және соған байланысты атмосфералық фронттар жаңбыр, найзағай әкеледі, солтүстік өңірлердің кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте шквал байқалады, ал түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

 

  • Түнде Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1°С-қа дейін үсік жүру ықтималдығы бар.
  • Батыс Қазақстанның солтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Маңғыстау мен Қостанайдың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

 

 

Түркістан, Қызылорда, Атыраудың солтүстігі, оңтүстігі мен шығысы, Жамбылдың батысы, солтүстігі және орталығы, Маңғыстаудың солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысы, Батыс Қазақстанның батысы, оңтүстігі және шығысы, Ақтөбенің батысы, солтүстігі, солтүстік-шығысы мен орталығы, Алматы облысының солтүстігі мен орталығы, Қарағанды облысының оңтүстігі, Ұлытау облысы, Жетісудың батысы мен шығысында өте жоғары деңгейдегі өрт қаупі болжануда.

Барлық жаңалық