Спорт

Қазақстан құрамасы Бангкокта 40 медаль жеңіп алып, тарих жазды

Қазақстан құрамасы Бангкокта 40 медаль жеңіп алып, тарих жазды

Таиланд астанасы Бангкокта өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке жетіп, жалпыкомандалық есепте ерлер мен әйелдер арасында бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Қазақстан спортшылары жарыс барысында 11 алтын, 16 күміс және 13 қола медаль жеңіп алып, өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.

 

Әлем чемпиондары:

Талант Тоқтыбаев (контакт, 85 кг),

Ақжүніс Өтебаева (контакт, 57 кг),

Акбар Елубайұлы (контакт, +94 кг),

Мақсат Төленді (ноу ги, 85 кг),

Мақсат Мұратұлы (ноу ги, 56 кг),

Атакелді Есетов (ноу ги, 62 кг),

Аслан Қанатбек (хиф контакт, 62 кг),

Әбу-Бәкір Жәнібек (хиф контакт, 69 кг),

Жібек Құлымбетова (неваза, 48 кг),

Шерхан Жақсылық (хиф контакт, 85 кг),

Бекзат Баймұратов (хиф контакт, 77 кг).

 

Осы жеңіс арқылы Қазақстан джиу-джитсу бойынша әлемнің үздік құрамаларының бірі екенін дәлелдеді.

 

Жалпыкомандалық есеп:Қазақстан – 11 алтын, 16 күміс, 13 қола;Бейтарап атлеттер командасы – 10 алтын, 7 күміс, 17 қола; Вьетнам – 8 алтын, 7 күміс, 10 қола

 

Жарысқа 59 елден 1100-ге жуық спортшы қатысқан. Әлем чемпионаты 14 қарашаға дейін жалғасады. Алдағы күндері U16, U18 және U21 жас санатындағы жасөспірімдер жарысқа шығады.

Барлық жаңалық