Жаңалықтар

Қарағандыда тұрғын үйден өрт шығып, ер адам адам қаза тапты

Қарағандыда тұрғын үйден өрт шығып, ер адам адам қаза тапты

Қарағандыда тұрғын үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Оқиға 6 қаңтарда кешке Әбдіров даңғылындағы 12 қабатты тұрғын үйде болған.

Бесінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен тұрмыстық заттар өртенген.

"Өрт сөндірушілер сегіз адамды (оның бесеуі – бала) құтқару үшін арнайы құрылғыларды пайдаланды. 15 адам баспалдақ арқылы эвакуацияланды", - деп хабарлады өңірдегі құтқарушылар.

1997 жылы туған ер адам жанған заттардың кесірінен түтінге уланып қайтыс болды.

Жалын 5 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Барлық жаңалық