Жаңалықтар

Павлодада бір үйдің ұлы мен қызын жылдар бойы зорлап келген екі жігітке сот үкімі шықты

Павлодада бір үйдің ұлы мен қызын жылдар бойы зорлап келген екі жігітке сот үкімі шықты

Павлодада бір үйдің ұлы мен қызын ауылдастары жылдары бойы зорлап келген. Осы іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.

Жәбірленушілердің кәмелеттік жасқа толмауына байланысты сот процесі жабық өтті. БАҚ өкілдеріне үкімнің тек қорытынды бөлігін жариялауға рұқсат берілді.

2001 және 2002 жылдары туған екі ауыл тұрғыны Қылмыстық кодекстің бірнеше ауыр баптары бойынша, соның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты ер баламен жыныстық қатынас және зорлау деректері бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен олардың бірі 22 жылға, екіншісі 15 жылға колонияға жіберілді.
Жәбірленушілерге моральдық шығын ретінде 2 миллион теңгеден өтемақы төленеді.

«Іс материалдарын қарап, жан-жақты зерттеген сот айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді деген қорытындыға келді. Кінәні растайтын дәлелдер күмән тудырмайды, оны сараптама қорытындылары да дәлелдеп отыр. Тағайындалған жаза заң талаптарына сәйкес келеді», – деді судья Құдабай Сұлтанов.

Барлық жаңалық