Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасында Т.Қ.Жүргенов атындағы Өнер академиясындағы ұстаздық жолы туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Өнер иесі әншілікпен қатар, профессор-оқытушы ретіндегі қызметін ерекше мақтан тұтатынын атап өтті.
«Әншілігімнен бөлек, профессор-оқытушылығым бар және оны мақтан тұтамын. Ұстаздық жолымдағы ұстанымым – өтпейтін өткелден өткізетін бір-ақ нәрсе – білім мен ғылым», – деп жазды ол.
Сондай-ақ ол жарты ғасыр бойы студенттерге айтып келе жатқан өмірлік қағидасымен де бөлісті.
«Жүректе жарық болса, түнектен қорықпаңдар, ізденген жетер мұратқа. Ілім алып, білімдеріңді шыңдай беріңдер, шырақтарым», – деді әнші.
Жазба соңында Нұрғали Нүсіпжанов шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі үшін концертмейстер Дина Сұлтановаға алғысын білдірді.