Өскемен қаласында құтқарушылар өрт салдарынан 15 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше өрт Виноградова көшесіндегі 10 қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шыққан.
"Келген құтқарушылар түтін басқан кіреберістен жедел түрде 15 тұрғынды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады", – деп жазылған хабарламада.
Қызыл жалын 15 шаршы метр аумаққа таралды. Зардап шеккендер жоқ.