Қоғам

«Не қысқармайды, не өспейді»: Айгүл Иманбаева Ұлықпан Жолдасов туралы айтты

«Не қысқармайды, не өспейді»: Айгүл Иманбаева Ұлықпан Жолдасов туралы айтты

Актриса Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында әнші Ұлықпан Жолдасовтың ешқашан қартаймайтынын айтып қалжыңдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.   

«Бұл жалғанда қартаймайтын бір адам бар. Ол – Ұлықпан Жолдасов. Не шашы түспейді, не әжім түспейді. Не бойы қысқармайды, не өспейді. Тек қана терлейді», - деді актриса әріптесін нұсқап.

Ұлықпан Жолдасов мұндай «қошеметті» күтпесе керек, дереу камераға қолын созып: «берші, телефонды, еййй, қасқа-аййй», - деп әріптестерін күлдірді.

Желі қолданушылары әртістің қалжыңын жылы қабылдады.

«Осы кісілер қартаймасын», «Арықтамайды, семірмейді де», «Сіз де мүлдем өзгермепсіз», «Айгүл де катырады екен», - деп жазды олар.

Барлық жаңалық