Спорт

«Мен қайта күштірек ораламын»: Шавкат Рахмонов маңызды мәлімдеме жасады

«Мен қайта күштірек ораламын»: Шавкат Рахмонов маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстандық UFC жеңіл салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы жағдайы туралы мәлімдеді деп жазады Оzgeris.info.

 


Жанкүйерлер жақында оны Алматыдағы турнирге көрермен ретінде келгенде қолдарында костыль мен арнайы тірек ботинкасымен көрген болатын. Сол сәттен кейін спортшы өз оқырмандарына операциядан өткенін және толық қалпына келу үшін уақыт қажет екенін хабарлады.

 

Рахмонов жазбасында:

 

«Жауынгер жолы ешқашан жеңіл болмайды. Өмір бізге жеңе алмайтын сынақтарды бермейді. Әрбір арман өз бағасын талап етеді, кейде бұл баға – денсаулық. Үздіксіз жарақаттар салдарынан маған тағы бір операция жасауға тура келді, сондықтан октагонға оралуым кейінге қалдырылды», – деді.

 

Спортшы өз ойларында бұл шешімді қабылдау оңай болмағанын мойындады, бірақ қиындықтарға қарамастан, күш жинап, бұрынғыдан да мықты оралуға уәде берді:

 

«Мен күштірек, ақылдырақ және бұрынғыдан да ашық ораламын. Мақсатым әлі тірі – UFC белбеуі Қазақстанға әкелінетін болады. Бұл жолдың соңы емес, маңызды тарауы ғана», – деп жазды Рахмонов.

Барлық жаңалық