Шоу-бизнес

"Үндемеуімді сұрап бриллиант берді": Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

"Үндемеуімді сұрап бриллиант берді": Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Режиссер Ақан Сатаевтың бұрынғы жары Назира Бақаева әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялап, өмірлік трансформациясы туралы айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Ол әйел адамның қоғамдағы рөлі, ішкі таңдауы мен өзін бағалауы жайлы ой қозғап:

“Бұрын маған қазіргіден жиірек гауһар сыйлайтын. Өйткені мен қыз, әйел, ана, келін болдым… Төзімім үшін, ауырса да күлімдегенім үшін. “Иә” дегенім мен үнсіздігім үшін.

Мен оларды мерекеге тағып, кейін шешіп, қобдишаға сала беретінмін. Өзімнің “қалаймындарыммен” бірге. Өзіммен бірге.

Сосын бір күні мен оларды да, өзімді де қайта таптым. Көз жасыммен жылтыраттым. Таңдауыммен қырладым. “Жоқ” деген сөзіммен шынықтырдым.

Енді мен гауһарды жай ғана ыңғайлылық үшін берілген марапат ретінде тақпаймын. Мен оларды белгі ретінде тағамын. Өзімді таңдағанымның белгісі ретінде”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ Назира Бақаева өзін не үшін белгілі брендтердің бет-бейнесі болуға лайық санайтынын түсіндірді.

“Неге мен Constellа jewelry мен Zardozi fashion брендтерінің бет-бейнесі болуға лайықпын?

Өйткені мен – сіздердің аудиторияларыңызбын. Мен “міндеттіміннен” “мен таңдаймынға” дейінгі жолдан өттім. Көптеген замандас әйелдерім жарқырау үшін бір нәрсеге лайық болу керек деп үйреніп қалған. Ал көпшілігі еш себепсіз-ақ лайық екенін білмейді.

Менің де шыңдалу тарихым бар. Алмаз – қысымға төтеп берген көмір. Ал Constellа гауһарлары – күш пен жарықтың символы. Мен – сол трансформацияның тірі мысалымын.

Өйткені мен үйлеспейтін дүниелерді үйлестіре аламын. Гауһар таққан психологпын. Zardozi пиджагын киген анамын. Сіздердің әшекейлеріңіз бен киімдеріңіз – өздерінің ең жақсы нұсқасына айналу жолынан өтіп жатқан әйелдер үшін.

Маған сенеді. Менің аудиториям – жылтырақ өмірге емес, тәжірибеге сенетін ойлы әйелдер.

Мен жай ғана брендтің бет-бейнесі болмаймын. Мен оның дауысына айналамын. Өзіне жарқырауға рұқсат берген мыңдаған әйелдің үні боламын.

Мен – Назирамын. Және мен лайықпын”, – деді ол.

Барлық жаңалық