Жаңалықтар

Мемлекеттік күзет қызметі енді Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді

Мемлекеттік күзет қызметі енді Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР Мемлекеттік күзет қызметі жөніндегі ережені бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды  «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.   Жаңа өзгеріске сай, Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталды.
«Міндеттері - Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - делінген жаңа редакцияда.
Жарлық алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 3 тамызда күшіне енеді.
Барлық жаңалық