Жаңалықтар

Маңғыстауда көлік прокуратурасының қызметкері ұсталды

Маңғыстауда көлік прокуратурасының қызметкері ұсталды

Маңғыстауда көлік прокуратурасының қызметкері ұсталды, деп хабарлайды ozgeris.info.

– Қызметтік тәртіп бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында, Бас прокуратураның ішкі қауіпсіздік департаменті Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментімен бірлесіп, 2025 жылғы 9 қарашада алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен Маңғыстау көлік прокуратурасының қызметкері ұсталды, - делінген хабарламада. 

Аталған қызметкер 2024 жылдан бері бала күтіміне байланысты еңбек демалысында болуына орай нақты қызметтік міндеттерін атқармаған. 

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

 

Барлық жаңалық