Жаңалықтар

Лагерь сөзі орталық деп өзгертіледі – Оқу-ағарту министрлігі

Лагерь сөзі орталық деп өзгертіледі – Оқу-ағарту министрлігі
Оқу-ағарту министрлігі лагерь сөзін орталық атауымен өзгерту мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 
«Министрлік «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Онда «лагерь» атауын «орталық» атауымен алмастыру мәселесі пысықталуда. Жалпы, жазғы уақытта балаларды демалыспен, сауықтырумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда және министрліктің ерекше бақылауында»,- делінген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Мәжіліс дептутаты сауалына берген жауабында.
Барлық жаңалық