Шоу-бизнес

“Күйеуім қол көтерді, балаларына қарамайды”: Олжас Абайдың бұрынғы әйелі ашық сұхбат берді

“Күйеуім қол көтерді, балаларына қарамайды”: Олжас Абайдың бұрынғы әйелі ашық сұхбат берді

Әлеуметтік желіде белгілі блогер және кәсіпкер Олжас Абайдың (Очоу) бұрынғы жұбайы Аймираның сұхбаты кең талқыланып жатыр, деп хабарлайды Оzgeris.info ақпарат порталы.

 

Сұхбат барысында Аймира алғаш рет жеке өміріне қатысты тың мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, ерлі-зайыптылар ресми түрде ажырасқан.

 

“Біз ажырасып кеткенбіз. Бұл шешімді мен қабылдауға мәжбүр болдым, себебі Олжас маған қол көтерген жағдайлар болды”, — деді Аймира.

 

Сондай-ақ ол бұрынғы күйеуінің материалдық тұрғыда да қолдау көрсетпейтінін айтты.

 

“Қазір пәтер жалдап тұрамын. Олжас ‘үй алып берем’ деп уәде берген, бірақ орындамады. Балаларына да мүлде келмейді. Құрбым арқылы ‘Аймира мені іздемесін’ деп сәлем айтыпты”, — дейді ол.

 

Желі қолданушылары бұл сұхбаттан кейін жұптың қарым-қатынасына байланысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі Аймираны қолдап, әйелдің батылдығына риза болса, енді бірі жеке өмірді жария ету артық деген көзқараста.

Барлық жаңалық