Жаңалықтар

Жетісу футбол клубының директоры бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Жетісу футбол клубының директоры бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Жетісу футбол клубы» КМҚК директорын әшкереледі, деп хабарлайды ҚР Сыбайлес жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағнда, күдікті 2022 – 2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексерілуде. Тергеу жалғасуда.
«Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі»,-делінген хабарламада.
Фото: канва
Барлық жаңалық