Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Қазақстан өз азаматтарын елге қайтару жұмыстарын күшейтті. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ozgeris.info сайты.
Ведомство мәліметінше, эвакуациялық рейстер күшейтілген режимде орындалуда. Әуе компаниялары сұранысқа байланысты қосымша ұшақтар бөліп жатыр.
Бүгін FlyDubai авиакомпаниясы Дубайдан Астана мен Алматыға екі рейс орындап, 306 қазақстандықты елге жеткізді.
Сонымен қатар Air Astana компаниясы Сауд Арабиясынан бірнеше рейс ұйымдастырды. Атап айтқанда, Мединадан екі ұшақ (290 орын) және Джиддадан екі рейс (339 орын) ұшып шығуы жоспарланған.
Бұдан бөлек, SCAT әуе компаниясы Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша Boeing-767 ұшағымен қосымша рейс орындайды. Ұшақтың ұшу уақыты Астана уақыты бойынша 19:00-ге жоспарланған.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, эвакуациялық рейстер барлық қазақстандықтар қауіпсіз елге оралғанға дейін жалғасады. Қазіргі уақытта авиациялық органдар, Сыртқы істер министрлігі және әуе компаниялары бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр.
📞 Байланыс нөмірлері
Таяу Шығыста жүрген азаматтар үшін тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталықтар ашылған.
Авиациялық әкімшілік колл-орталығы:
-
+7 7172 77 98 21
-
+7 7172 79 82 13
-
+7 7172 79 82 14
Әуе компаниялары:
Air Astana
-
+7 727 244 44 77
-
+7 7172 58 44 77
-
+7 702 702 44 77
FlyArystan
-
+7 727 331 10 10
-
WhatsApp: +7 702 702 02 27
SCAT
-
+7 7252 99 88 80
Qazaq Air
-
+7 727 356 14 14
Әуежайлар:
Астана әуежайы
-
+7 7172 702 999
Алматы әуежайы
-
+7 727 228 00 19