Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Таяу Шығыстағы шиеленіс аймағында 9 мыңнан астам қазақстандық бар екенін мәлімдеді деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Иранда – 47 адам, Израильде – 163, Қатарда – 3 мыңнан астам, Біріккен Араб Әмірліктерінде – 4 мыңнан астам, ал Сауд Арабиясында шамамен 1,8 мың қазақстандық жүр.
СІМ уәкілетті органдармен бірлесіп азаматтарды эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырды. Қазіргі уақытқа дейін 946 қазақстандық қауіп аймағынан шығарылды.
Жақын уақытта Маскаттан Алматыға тағы бір арнайы рейс келуі жоспарланып отыр. Ұшақ бортында 314 жолаушы болады.
Министрлік мәліметінше, эвакуация кезінде зейнеткерлерге, балаларымен бірге жүрген ата-аналарға, жүкті әйелдерге, кәмелетке толмағандарға және денсаулығында шектеуі бар азаматтарға басымдық беріледі.