Танымал өнерлі жұп Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова Астанадағы жаңа үйлерінде әріптестерін қонаққа шақырып, үлкен дастархан жайды. Бұл жолғы басқосудың да өзіндік себептері бар, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Жұлдызды отбасы бір күнде үш бірдей қуанышты атап өтті:
— жаңа үйге қоныстануы,
— қыздары Рабия Сұлтанның дүниеге келуі,
— Қайрат Нұртастың 37 жасқа толуы.
Қуанышқа ортақтасуға отандық шоу-бизнес өкілдері де келген. Қонақтар арасында актриса Айгүл Иманбаева мен тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы болған.
Айгүл Иманбаева желідегі парақшасында әсерімен бөлісті:
«Қайрош, Жұлдыз, жаңа қоныстарың құтты болсын! Рабия Сұлтанның дүниеге келуімен құттықтаймын! Қайратты туған күнімен құттықтаймын! Керемет отырып қайттық. Көптен көріспей, сағынысып қалыппыз. Бүгін барлығын айтып, бір серпіліп қалдық. Шаңырақтарыңа тек бақыт тілеймін», – деп жазды ол.
Ал Ләйлә Сұлтанқызы Қайрат Нұртаспен бірге түскен әсерлі видеосын жариялап, туған күн иесін ерекше атап өтті.
Желі қолданушылары да отбасына жылы лебіздерін арнады:
— «Қайрат Нұртас ажарланып кеткен»
— «Отбасы адамға жақсы әсер етеді»
— «Қайрат жаңа қырынан ашылып жүр»
— «Жарқыра деді – жарқырап тұр»
— «Қайрош қандай мейірімді болып кеткен»
деп жазды олар.
Көпшілік әншінің соңғы кезде өзгеріп, сабырлы әрі отбасылық құндылықтарға жақын бейнесін жиі атап өтуде.