Қоғам

«Неге мен қазақ емеспін?» – желіде қызу талқыланған видео

«Неге мен қазақ емеспін?» – желіде қызу талқыланған видео

Катарда жүрген ресейлік азамат Қазақстан билігінің өз азаматтарын эвакуациялау әрекетін әлеуметтік желіде атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандықтарға Сауд Арабиясына кіруге арнайы визалар рәсімделіп, олар автобуспен Джидда қаласына жеткізіліп жатыр. Сол жерден азаматтарға Алматыға тегін әуе рейстері ұйымдастырылған деп хабарлады ozgeris.info сайты NewTimes.kz телеграм арнасына сілтеп.

Бейнежазба авторы Денис Қазақстан азаматтарына көмек ретінде банк карталарына шамамен 35 доллар көлемінде қаражат аударылып жатқанын да айтқан.

Бұл жағдайды көрген ресейлік азамат әзіл ретінде: «Мама, почему я не казах?» деп пікір білдірген.

Әлеуметтік желі қолданушылары да бұл ақпаратты растаған. Олардың айтуынша, қазақстандықтар қазіргі уақытта автобуспен түнгі уақытта шөл арқылы Эр-Рияд қаласына, одан кейін Джиддаға бағыт алып жатыр. Джиддадан Қазақстанға арнайы рейстермен ұшырылмақ.

Барлық жаңалық