Қоғам

Жаңа адамдардан әшкерелеу: леуетті педофил өзін Meat&Beer басқарушысы ретінде таныстырды

Жаңа адамдардан әшкерелеу: леуетті педофил өзін Meat&Beer басқарушысы ретінде таныстырды

«Жаңа адамдар» қоғамдық қозғалысының белсенділері Kaspi Жұмыс қосымшасы арқылы жұмыс іздеген 16 жастағы қызға қатысты тағы бір әлеуетті педофилді әшкереледі. Қылмыстық ниеті бар ер адам өзін танымал Meat&Beer мейрамханалар желісінің иесі ретінде таныстырып, қызды манипуляциялауға әрекет жасаған деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Оқиға Kaspi Жұмыс қосымшасында жарияланған жұмысқа қабылдау туралы хабарландырудан басталды. Сол күні кешке қызға жазған ер адам әңгімені әдеттегі жұмыс мәселелерімен (жалақы, кесте, шарттар) бастап, кейін оны орынсыз әңгімеге бұрған. Анкетасында жасын 16 деп көрсеткеніне қарамастан, ол қыздың сырт келбетіне ерекше назар аударып, «сенің әдемілігің үшін қолайлы жағдай жасаймын» деген сияқты сөздер айтқан.

Әңгіме барысында ер адам интимдік сипаттағы ұсыныстарға көшіп, қыздан суреттер сұраған, онымен жыныстық қатынасқа түсу арқылы жұмыс беретінін меңзеген. Ол тіпті өзінің мастурбациясын көрсеткен видео жіберіп, кездесуге шақырған.

«Жаңа адамдар» белсенділері хат алмасу материалдарын талдаған соң, көрсетілген мекенжайға барып, әлеуетті қылмыскерді өз үйінің ауласында ұстады. Ол 1992 жылы туған Алтынбек Самат екені анықталды. Жеке кездесуде ол өз кінәсін жоққа шығаруға тырысып, қыздың жасын білмегенін айтқан, алайда хаттарда оның жасы бірнеше рет нақты аталған.

Барлық скриншоттар, хат алмасулар мен дәлелдер құқық қорғау органдарына тапсырылды.

«Бұл — жазғы жұмыс іздеген әрбір жасөспірім тап болуы мүмкін қауіп. Ересек адам «жақсы жұмыс» деген желеумен қалай оңай манипуляция жасайтынын көрсететін оқиға. Ата-аналарға айтарым: баланың телефон мен әлеуметтік желілерін тексеру ғана жеткіліксіз. Ең бастысы — бала қауіпті жағдайда қорықпай, сізге келіп айта алатын сенімді қарым-қатынас орнату».

«Жаңа адамдар» қозғалысы жұмыс іздеу платформаларының әкімшілерін жұмыс берушілерді мұқият тексеруді күшейтуге шақырады. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі — тек ата-аналардың ғана емес, қоғамның ортақ жауапкершілігі.

Қозғалыс өкілдері мұндай әшкерелеулерді алдағы уақытта да жалғастыратынын мәлімдеді.

Барлық жаңалық