Әнші Жеңіс Ысқақова жолдасы туралы айтып, отбасындағы қарым-қатынасы жайлы сыр шертті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Өнер иесінің айтуынша, жолдасы көпшілік алдында ән айтпайды.
«Менің күйеуім маған ғана ән айтып береді. Тек үйде. Ол – спортшы. 35 жыл сабақ беріп жүрді. Енді бозкілемге қайта оралды. Өзінің 60 жасына қарамастан, әлем чемпионатында қола жүлде алды», – деді әнші.
Сондай-ақ Жеңіс Ысқақова жолдасының көреген әрі сабырлы адам екенін атап өтті. Оның сөзінше, жұбайы әрдайым бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетіп отырады.
«Күйеуіммен бірге жүрген ұнамайды. Үнемі тізгінімді тартып отырады. Ол – дұрыс. Өнер адамы болғандықтан, арқамыз бар. Кейде қатты күліп қоямыз. Сол кезде күйеуім “жай-жай, ақырын” деп басып отырады. Негізінде ол кісі қолымнан ешқашан қаққан емес», – деді ол.
Әнші жолдасының шығармашылыққа да жігер беретінін жасырмады.
«Концерт, түсірілім сиреп бара жатса, “Ешкім сені іздемей кетті. Өзіңнің бар екеніңді білдіріп, елмен хабарласып тұр” деп қамшылап тұрады», – деді Жеңіс Ысқақова.