Қоғам

Тағы да секс-видео: Қызылордадағы колледжде бастық пен қызметкер сұмдық әрекетке барған (ВИДЕО)

Тағы да секс-видео: Қызылордадағы колледжде бастық пен қызметкер сұмдық әрекетке барған (ВИДЕО)

Facebook желісінің қазақстандық сегментінде даулы бейнежазба қызу талқыға түсті. Оқиға Қызылорда облысындағы білім беру мекемелерінің бірінде болған деген болжам бар деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Қоғамда үлкен резонанс тудырған кадрларды Ардақ Қазақбайқызы есімді желі қолданушысы жариялаған. Жұмыс кабинетіндегі бейнебақылау камерасына өте ерсі көрініс түсіп қалған. Кадрдан басшының орындығында отырған ер адам мен оның қарамағындағы қызметкер болуы мүмкін әйелдің жақын қатынасқа түскенін көруге болады. Бұл жағдайдың нақты қай уақытта және қай жерде болғаны әзірге белгісіз.

Бейнежазба авторы бойжеткендердің жүкті болу себебін осындай келеңсіздіктермен байланыстырады. Ол білім беретін орында ұрпаққа тәлімнің орнына мүлдем басқа нәрсе үйретеді деген пікір қалдырған. Желі қолданушылары бұл оқиғаға қатты наразы. Жұртшылық оқу орнының қабырғасында мұндай бассыздыққа жол берілгеніне ашуланып салалық министрліктен нақты жауап талап етіп жатыр.

Атышулы видео әлеуметтік желіде үш күнге жуық уақыт бойы толассыз тарап жатыр. Алайда билік өкілдері тарапынан әлі ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Басылым редакциясы кадрлардың растығын және мекеменің статусын анықтау мақсатында Қызылорда облысының әкімдігіне хабарласқан. Жергілікті биліктің баспасөз қызметі мән-жайды анықтап ақпарат беруге уәде еткен. Дегенмен мақала жарияланған сәтке дейін жауапты тұлғалардан ешбір хабар түспеді. 

Барлық жаңалық