Жаңалықтар

Instagram-да дау тудырған мәлімдеме: блогер қазақтарды «нағыз құлдар» деп атады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде @ulafortuna есімді блогердің видеосы қызу талқылануда. Instagram Reels форматында жарияланған бейнежазбада ол: «Қазақтар – нағыз құлдар» деген даулы пікір айтады. Видео еңбек құқықтарының маңыздылығына арналса да, ондағы бұл тіркес қоғамның наразылығын тудырды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

 

Роликтің негізгі мақсаты – еңбек қатынастарындағы мәселелерге назар аударту болса керек. Алайда қолданылған сөз тіркесі көпшілік тарапынан қазақ халқының ар-намысына тию деп бағаланды. Желі қолданушыларының біразы бұл жазбаны жоюды талап етіп, блогерді ұлтаралық араздық қоздыруға тырысты деп айыптауда.

 

Қазіргі уақытта видеоны не блогердің өзі, не Instagram әкімшілігі ресми түрде түсіндірген жоқ. Алайда желі қолданушылары видеоны жаппай шағымданып, шара қолдануды сұрап жатыр.

Барлық жаңалық