Актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар анасын ерекше сыйлықпен қуантты, деп жазады ozgeris.info.
Белгілі болғандай, актердың анасы осы уақытқа дейін көлік мініп көрмеген. Бұл – оның өміріндегі ең алғашқы темір тұлпары.
"Қанша жыл базарда күннің ыстық-суығына қарамай жұмыс істеп, бізді бағып-қаққан анашымның өміріндегі алғашқы көлігі", – деп бөлісті Еркебұлан Тоқтар.
Желі қолданушылары мен актердың жанкүйерлері қуанышты жаңалықты құттықтап, жылы пікірлерін қалдырды.