Шоу-бизнес

"Барлығы жасанды": Алагөзовті туған күнімен құттықтаған Баянның отбасы талқыға түсті (ВИДЕО)

"Барлығы жасанды": Алагөзовті туған күнімен құттықтаған Баянның отбасы талқыға түсті (ВИДЕО)

Баян Мақсатқызы желідегі парақшасында күйеуі Тұрсын Алагөзовті туған күнімен құттықтау сәтінен видео бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info

Айта кетейік, танымал кәсіпкер бүгін 56 жасқа толып отыр. Алагөзовті Баянның анасы мен Айару Бақытбек құттықтаған. Кадрлардан жұлдызды отбасының бақытты шағын байқауға болады. 

Алайда кей желі қолданушылары барлығы жасанды екенін айтып, сынап жатыр. 

"Бәрі бір біріне жат, барлығы жасанды", "Тұрсын туған әкесі емес", "Бос дүние ғой! Әке болып қызының қолынан торт жемесе", деді олар. 

Тұрсын Алагөзовтің жомарттығын жарыса жазып, оған бақыт тілеп жатқандардың да қатары көп. 

Барлық жаңалық