Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонова желідегі парақшасында ешкім күтпеген жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ол танымал спортшымен ажырасып кеткенін айтты.
"Балалар ажырасқаннан кейін анасына ғана керек. Бүгін ол бәрібір аналарына ұқсап кетеді деп өз балаларынан бас тартты... Соншалықты қамқор әкенің бір күннің ішінде өзгеріп балаларын керек етпей қалады деп ешқашан ойламаған едім. Иә, мен 4 бала дүниеге әкелдім және бесіншісін күтіп отырмын. Қызығы мен өте көп туады екенмін. Не деймін? Әкесіне баласы керек болмаса балаға да әкесі енді керек емес! Маған Алла балаларымды аяққа тұрғызу үшін күш-қуат берсін", - деп жазды ол.
Айта кетейік, Гүлайым Рахмонова өткен жылы адам өліміне әкелген жол апатына себепші болған еді.