Шоу-бизнес

Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбековамен арадағы даудың себебін түсіндірді

Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбековамен арадағы даудың себебін түсіндірді

Продюсер Баян Алагөзова «КешYOU» тобының бұрынғы әншісі Мөлдір Әуелбековамен арадағы ұзақ жылдық даудың себебін түсіндіріп, оның сатқындығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды kursiv.media.

Жақында ғана топтың 20 жылдық мерейтойлық концертіне қатысудан бас тартқан экс-солист туралы тың ақпарат «КешYOU» жобасына арналған деректі фильмнің 3 бөлімінде айтылды. Продюсердің сөзінше кезінде ұжымнан айқай-шумен кеткен Мөлдір Әуелбекова жеке шығармашылығы тоқырауға ұшыраған соң өзі хабарласып кешірім сұраған. Кездесу барысында ол жеке әнші ретінде қолдау көрсетуді өтінгенмен, Баян Алагөзова бұл ұсыныстан бас тартып, оны тек топқа қайта оралу шартымен ғана қабылдағанын жеткізді.

Қайта оралған әнші ұжымның тығыз гастрольдік кестесіне шыдамай, жиі сылтау іздеп, өтірік ауыра бастаған. Баянауылдағы концерттік сапар кезінде оның қан қысымы көтеріліп жедел жәрдем шақырылғанмен, дәрігерлер ешқандай ауру белгілерін таппаған. Продюсер мұны концерттерді әдейі шегеру немесе бұзу әрекеті деп бағалайды.

«Менің көзімше үнемі ауырып, ақсаңдап жүретін. Ал мен жоқ кезде мүлдем қалыпты, еркін жүретінін топтағы басқа қыздар маған видеоға түсіріп көрсетіп берді. Мұндай екіжүзділіктен кейін мен онымен жұмыс істей алмайтынымды айтып, келісімшартты үздім», - деді Баян Алагөзова.

Бұл жағдай Алагөзованың өзіне ғана емес, оның сіңлісі Бағым Мұхитденоваға да өте ауыр соққы болған. Өйткені музыкалық продюсердің үйінде 5 жыл тұрған Мөлдірге ол туған анасындай қамқорлық көрсеткен екен.

«Бағым оған анасындай қарап, қолынан келген көмегінің бәрін жасады. Ал Мөлдір болса, 5 жыл бойы оның арқасынан пышақ ұрып келді. Содан бері 15 жыл өтсе де, Бағымның жүрегіндегі сол бір өкпе мен ауырсыну әлі басылған жоқ. Ол әлі күнге дейін емделіп келеді», - деді продюсер.

Барлық жаңалық