Құрметті сот, тағылған айыппен мүлде келіспеймін. Бұл – 2020 жылдан бастап Серік Қарымсақовтың қаржылық қиындыққа ұшырап, қаржылық мүмкіндіктері бар адамдарды жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан қылмыстық схемаға тартып, өз мәселелерін шешкен соң құқық қорғау органдарына заңсыз әдіспен жүгініп, адамдарды түрмеге қамап, бүкіл бизнесті өзіне қайтарып алған үшінші жағдай, - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Арыстанбек Мұхамедиұлы 28-баптың 3-бөлігі (қылмысты ұйымдастыру) және 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағында (аса ірі мөлшердегі сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ұрлау) көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Жаңалықтар
Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы сотқа тартылды
28.09.2023
130
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бұрынғы мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің директоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы бір қылмыстық іс қаралып жатыр.
Арыстанбек Мұхамедиұлы қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі – 249-бабы 1-бөлігі (рейдерлік әрекетке оқталу), 28-бабы 3-бөлігі – 250-бабы 1-бөлігі (өкілетін теріс пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру) бойынша айыпталып отыр. Қылмыстық іс бойынша тағы бір айыпталушы бар. Жуаспаева қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі (жалған құжат, мөр, бланкіні қолдан жасау арқылы көрінеу жалған құжатты пайдалану), 250-бабы 1-бөлігі (өкілетін теріс пайдалану) бойынша айыпталып отыр. Істі судья Әбинұр Қарабаев қарап жатыр. Мемлекеттік айыптаушы – Олжас Хайруллаев. 2023 жылдың 28 қыркүйегінде прокурор Хайруллаев айыпталушыларға қатысты айыптау актісін оқыды.
Тергеу мәліметіне сәйкес, 2019 жылы Арыстанбек Мұхамедиұлына елордадағы «Дипломат» қонақүйінің иесі, кәсіпкер К. жүгінген. Экс-министр оған 2,5 млрд теңге беруге келісіп, оның орнына қонақүйдің жарғылық капиталының 71%-ын енесінің атына жазып беруді ұсынған. Осылайша ол қонақүйді толық иемденіп алмақ болған.
Келісімге қол қойылған соң Мұхамедиұлы қонақүйге жиі келетін болған. Ол басшылардың бірі ретінде таныстырылған. Содан кейін экс-министр қонақүйдің қалған 29% бөлігін беруді сұраған. Алайда кәсіпкер К. бұл ұсынысты қабылдамаған. Тергеу мәліметіне сәйкес, содан кейін Мұхамедиұлы қызметкерлеріне «Дипломат» қонақүйіне кәсіпкер К.-ны кіргізбеуді тапсырған. Артынша компания иелерінің жалпы жиналысында жалған хаттама толтырылып, ЖШС директоры ретінде Мұхамедиұлының адамы таныстырылған.
Сот барысында экс-министр Мұхамедиұлы тағылған айыпты мойындамады.
-
Қазақмыс жұмысшылары үшін жайлы орта: Мыс балқыту зауытындағы ауқымды өзгеріс13:05, 08 мамыр 2026
-
-
Президентіміз Рим Папасы Лев XIV-ні Астанаға шақырды: Сапардан не күтеміз?12:17, 08 мамыр 2026
-
Қызылорданың жаңа әкімі туралы не белгілі12:14, 08 мамыр 2026
-
-
Өскемендегі төтенше жағдай: Сегіз адаммен бірге көпір опырылып түсті10:19, 08 мамыр 2026
-
Қауіпті аймаққа – қызыл жолақ: "ҚазАвтоЖолдың" жаңа жобасы09:14, 08 мамыр 2026
-
-
-
«Күйеуге шығайын деп жатыр»: Дариға Бадықова жағымды жаңалығын жария етті04:00, 08 мамыр 2026
-
-
"Бірінші рет емес": Әнші Ерболат Құдайберген шаңырақ көтерді (ВИДЕО)15:20, 07 мамыр 2026
-
-
Қызылорданың әкімі қашан сайланатыны белгілі болды14:47, 07 мамыр 2026
-
Шетелдіктер неге теңгеге қызығып отыр?16:02, 07 мамыр 2026
-
«Alem.ai» Қазақстанды жаңа технологиялық белеске бастай ала ма?15:24, 07 мамыр 2026
-
Смартфон баланы жұта ма, әлде дамыта ма?15:02, 07 мамыр 2026
-
Бюрократия мен имитацияға тосқауыл: «Әділет» партиясының ымырасыз ұстанымы19:19, 07 мамыр 2026
-
-
«Күйеуге шығайын деп жатыр»: Дариға Бадықова жағымды жаңалығын жария етті04:00, 08 мамыр 2026
-
-
-
-
-
"Ұлымның қуығына ине тыққан": Айгүл Иманбаева сұмдық жайтты айтып берді (ВИДЕО)17:03, 04 мамыр 2026
-
-
-
Астана тұрғыны жұрттың көзінше әйелін аяусыз сабаған15:22, 01 мамыр 2026
-
-
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
-
-
"Дендері сау ма": Эротикалық видеосы тараған асаба халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)15:13, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
-
"Жылап жібердім": Мөлдір Әуелбекова жаңалығымен көпті қуантты11:35, 15 сәуір 2026
-
"Өмір өте қысқа екен": Бейбіт Қорған марқұм анасын жоқтады (ВИДЕО)14:47, 15 сәуір 2026