Жаңалықтар

Ақтауда жас жігіт суға батып кетті

Ақтауда жас жігіт суға батып кетті
Ақтау қаласынан оңтүстікке қарай 33 км жерде, суға шомылуға жабдықталмаған аймақта 2003 жылы туған У.есімді азамат суға батып кетті, - деп хабарлайды ozgeris.info Суға батқан ер адамды іздестіруге өңірлік Төтенше жағдай департаментінен 15 құтқарушы, 5 техника, 4 жүзу құралдары және 2 дрон жұмылдырылған. Сондай өзара іс-қимыл шеңберінде ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Маңғыстау облысы бойынша 1 шағын күзет кемесі, 4 сүңгуір, 2 бірлік техника жұмылдырылған. Және ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ ЕО-145 тікұшағы тартылған. Іздеу жұмыстары барысында У.есімді азаматтың жағадан 90 метр ұзап кеткені анықталып, денесі 3 метр тереңдіктен табылды.
Барлық жаңалық