🌐 Әлем

АҚШ Қытайға Ресей мұнайы үшін қосымша салық салуы мүмкін

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Ресейден мұнай сатып алғаны үшін Қытайға қосымша баж салығын енгізу мүмкін екенін айтты, деп жазады Ozgeris. info. 

Fox News хабарлауынша, Ақ үй әлі түпкілікті шешім қабылдамаған, бірақ бұл мәселе президент Дональд Трамптың қарауында тұр.

Вэнстің айтуынша, Трамп Украинадағы соғысты қаржыландыруды тоқтатқысы келеді.

«Егер еуропалықтар белсенділік танытып, америкалық қару-жарақты сатып алғысы келсе, қарсы емеспіз. Бірақ біз өзіміз бұл істі қаржыландырмаймыз»,  деді ол телеарна эфирінде.

Айта кетсек, тамыздың басында АҚШ сенатының комитеті Украинаға шамамен 1 млрд доллар көмек бөлуді мақұлдаған. Бұл бастаманы демократтар да, республикашылдар да қолдады.

Барлық жаңалық