Қоғам

Ақмолада 348 адамды ұрлап, несие алдырған топ ұсталды

Ақмола облысында елді дүрліктірген қылмыстық іс ашылды. Ұйымдасқан қылмыстық топ 348 азаматты ұрлап, олардың атынан несие рәсімдеген, деп жазады Ozgeris.info.

Прокуратураның мәліметінше, топтың құрамында 25 адам болған. Олар тек қана қарапайым адамдар емес, тіпті елдегі 4 банктің қызметкерлері де кірген. Солардың қатысуымен алаяқтық әрекеттер 5 жылдан аса уақыт жалғасып келген.

«Қылмыс құрбаны болғандар – 348 азамат. Келтірілген шығын көлемі 3,7 млрд теңге. Тергеу барысында қылмыстық жолмен табылған мүліктер анықталды: Алматы қаласындағы пәтерлер мен жер телімдері, қымбат автокөліктер, ірі көлемдегі қолма-қол ақша. Тәркіленген мүліктің жалпы құны – 2,7 млрд теңге», деп хабарлады прокуратура.

Қазір қылмыстық топтың барлық мүшесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілмек.

Барлық жаңалық