«Шараның маңыздылығы жастарға жастар саясаты мен ресурстық орталықтары қызметінің мән-жайын талқылауға септігін тигізеді. Әрбір қатысушы өз ойларымен бөлісіп, көкейінде тұрған сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар. Облыстық ЖРО ұжымы орталықтарының мақсаттары және міндеттерімен таныс болып, ресурстық орталықтардың жастар үшін жасап жүрген қызметтерімен толықтай хабардар болады» - деп облыстық ЖРО бөлімінің басшысы Ләззат Қуатқызы тоқталып кетті.
Аудан жастарымен кездесуде аудан әкімінің орынбасарларының қатысуымен өтті. Ең алғашқы болып, Жарқайың ауданында Мароккода өткен мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында найза лақтыру құзыреттілігі бойынша жүлделі 2 орынмен оралған Жарқайың ауданының тумасы Асем Жанадилова мен бапкері Данияр Бектемировты қарсы алудан бастау алды. Одан әрі аудан әкімінің орынбасары Бағдат Шоновтың қатысумен пленарлық отырыс өтті. Ол жерде жастармен диалог алаңы өткізіліп, жастар спикерлерге өздерінің қызықтыратын сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу барысында аудан жастарының белсенділері мен волонтерлері алғыс хаттармен марапатталды. Кездесу аяқталғаннан соң, кезекте жастар үшін өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту бойынша тренинг және зиеткерлік ойын ұйымдастырылды. Сондай-ақ жұмысқа орналастыру және құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңестер берілді.
Келесі болып, аталмыш топ Есіл ауданына аттанды. Аудандағы Агротехникалық колледжіне барып, студенттерімен кездесіп, 1 курс студенттерімен зияткерлік ойынмен өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту бойынша тренинг өткізді.
Сонымен қатар, жастарға арналған ақпараттық-түсіндіру тобы қалған аудадар мен қалаларға дәл сондай бағдарламамен барып қайтты. Аталған сапар аясында аталмыш топ, аудан жастарының проблемалық мәселелерімен танысып, шешу жолдарын іздестірді. Нәтижесінде көпшілік жастар жұмысқа орналасу, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың бар екені жөнінде бейхабар болуы, өз құқығын толықтай білмеуі сияқты мәселелер анықталды.
Соңғы кездесу Шортанды, Ерейментау, Зеренді және Бурабай аудандарында өтіп, облыстық ЖРО-ның тілшісі Жеңіс Балабеков жастарға ЖРО қызметі туралы ақпаратпен бөлісіп, өңірде өткен және өтетін жобалар жайында баяндап берді.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы Жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі
(байл.тел.50-72-69 Балабеков Жеңіс)