Жаңалықтар

Алтын Орда тарихын зерттеуге тың серпін берілмек

Алтын Орда тарихын зерттеуге тың серпін берілмек

Алтын Орданың бай мұрасы мен тарихын зерттеу ісіне тың серпін берілмек. Осы мақсатта арнайы қарар қабылданады. Бұл құжат Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан тарихи мәні айрықша симпозиумның қорытындысы бойынша әзірленеді. Мұндай ауқымды жиынды енді тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Басқосуда ортаға салынған салмақты ойлар мен ұтымды ұсыныстар жаңа ғылыми еңбектерге негіз болады. Ол түрлі халықаралық жобалар мен тарихи экспедицияларды бастауға жол ашады. Бұл бағытта ғылыми қауымдастық өте маңызды рөл атқарады. Президент ғалымдардың алдағы уақытта да осынау жауапты жұмысқа мол үлес қосатынына сенім білдіріп алғыс айтты.

Тарихты ешқашан тартыс құралына айналдыруға болмайды. Керісінше ол халықтардың арасын жалғайтын алтын көпір қызметін атқаруы қажет. Мұндай қадам әділетті әрі қауіпсіз әлем құруға тікелей ықпал етеді. Сондықтан ортақ мүдде жолында барлық тарап күш біріктіріп жұмыс істеуі шарт.

Барлық жаңалық