Танымал тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында кішкентай қыз бала тәрбиесі туралы жазба жариялап, оқырмандарын ойға қалдырды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Ол қыз бала тәрбиесінің нәзік екенін айтып, ағасының қызы Марияммен бірге өткізген екі күн ішінде оған тым көп ақыл айтып қойғанын жеткізген.
Сонымен қатар, қыз тәрбиесіне келгенде өзіне ерекше жауапкершілікпен қарайтынын жасырмады.
«Қыз баланың болмысы да, тәрбиесі де бөлек. Кейде тым қатал болып кететін сияқтымын. Қыздарыңызды қалай жазалайсыздар?» – деп жазды ол желлідегі парақшасында.