Алматыда полицейлер ірі алаяқтықтың алдын алып, қала тұрғынын 32 миллион теңгеден айырылудан сақтап қалды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Алматы ПД-не сілтеме жасап.
Киберполиция күдік тудырған ер адамды ұстады. Оның сөмкесінен 27 миллион теңгеден астам қаражат табылды. Тергеу барысында ол алаяқтарға ақша жеткізетін «дроппер» екені анықталды.
Алаяқтар бірнеше күн бойы әйелді «арнайы операцияға қатысып жатырсыз» деп алдап, құпия сақтап, ақшаны «қауіпсіз шоттарға» аударуға көндірген. Әйел 4 миллион теңгені аударып үлгерген, бірақ полиция мен банк қызметкерлерінің арқасында қаражат қайтарылды.
Полиция азаматтарды мұндай қоңырауларға сенбеуге және күдік туса бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.