Жаңалықтар

Алматыда жас қыз тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан құлап кетті

Алматыда жас қыз тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан құлап кетті
Алматыда қыз тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан құлап кетті. Полиция департаменті мәліметінше, ол қаза болған, - деп хабарлайды Ozgeris.Info. Әлеуметтік желіде қыздың болжам бойынша 6-қабаттағы терезе шетіне шыққаны түсірілген видео жарияланды. Сосын ол қатты күліп, билей бастайды. Бір сәтте, куәгерлердің айтуынша, ол құлап кеткен. Алматы Полиция департаменті бұл факт "Өзін-өзі өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатқанын хабарлады.
"Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомствода.
Барлық жаңалық