Жаңалықтар
«ALMA CUP» ҚАЛАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
21.12.2022
122
Алматы қаласында «ADD» үстел теннисі орталығында «Alma CUP» қалалық чемпионатының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті. Шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастырды.
Желтоқсанның 8-не басталған чемпионатта Алматы қаласының 1000-нан астам әр түрлі санаттағы жастары футбол, баскетбол, волейбол, киберспорт ойындары бойынша сайысқа түскен болатын. Жүлде қоры 4 150 000 теңгені құраған чемпионатта, жеңімпаздар арнайы кубоктармен және медальдармен марапатталды.
Жобаның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, халық арасында бұқаралық спортқа қатысушылар санын арттыру, спорт саласының үздік жастарын анықтау.
Жоба ұйымдастырушысы Жасұлан Бостандықұлы:
«ALMA CUP» қалалық чемпионатын ұйымдастыру барысыныда қаланың әр түрлі санатындағы жастарын қамтуға тырыстық. Сәйкесінше чемпионатқа ЖОО, колледж студенттері, базар жастары, құрылыс, текстиль, курьерлік қызмет саласының мамандары да қатысты. Чемпионатқа жастардың қызығушылығы өте жоғары болды. Бұл қаламыздағы спорт сүйер жастардың көптігін көрсетеді.
Жеңімпаздарды марапаттауға Алматы қаласы Мәслихат депутаттары Бекбол Рамазан, Руслан Нұрлыбай, Қазақстан футзалының аңызы, Ұлттық құрама сапында 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері және үздік сұрмергені, Футзалдан чемпиондар лигасының 2 дүркін жеңімпазы, Қазақстанның 10 дүркін чемпионы Серік Жаманқұлов, Ұлттық студенттік спорт одағының атқарушы хатшысы Есқалиев Мұхтар, шорт-трек бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2022 жылғы әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері Абзал Әжғалиев, танымал блогер, Stand-up-ер Мұратбаева Жансая және эстрада жұлдыздары «Алашұлы», «МузАРт Life» топтары жеңімпаздарды құттықтауға арнайы келді.
«ALMA CUP» қалалық чемпионатының нәтижесі төмендегідей:
Футбол турнирі
Үздік ойыншы Иманбеков Алмас – 50 000 теңге;
Үздік қақпашы Орынбасар Нұрболат – 50 000 теңге;
Үздік бомбардир Райымбек Мадияр және Бақдәулет Жүзбай – 50 000 теңгеден;
1-орын «Қайрат Жастар» командасы – 500 000 теңге;
2-орын «Kartop» командасы – 300 000 теңге;
3-орын «Satbayev University» командасы – 150 000 теңге;
Волейбол турнирі
Ерлер құрамасы
1-орын Алматы полиграфия колледжі – 300 000 теңге;
2-орын Қазақ спорт және туризм академиясы – 200 000 теңге;
3-орын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 100 000 теңге;
Әйелдер құрамасы
1-орын Қазақ спорт және туризм академиясы – 300 000 теңге;
2-орын «ZhaStar» еркін құрамасы – 200 000 теңге;
3-орын С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
– 100 000 теңге;
Баскетбол турнирі
Ерлер құрамасы
1-орын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті– 300 000 теңге;
2-орын «IMS» командасы – 200 000 теңге;
3-орын Қазақ спорт және туризм академиясы – 100 000 теңге;
Әйелдер құрамасы
1-орын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Squirrels KazNu – 300 000 теңге;
2-орын «YuVA» командасы – 200 000 теңге;
3-орын Қазақ спорт және туризм академиясы – 100 000 теңге;
Киберспорт турнирі
1-орын «AZIZPEEK» командасы – 300 000 теңге;
2-орын «SIGMA 16» командасы – 200 000 теңге;
3-орын «5G1L» командасы – 100 000 теңге;
«ALMA CUP» қалалық чемпионатының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз.
-
Еркебұлан Тоқтар ауыр дертке шалдыққан оқырманына 50 мың доллар аударды14:35, 26 мамыр 2026
-
UFC жауынгерінің бейнесіндегі алаяқ: Алматы облысындағы ерекше оқиға (ВИДЕО)14:32, 26 мамыр 2026
-
Алматыдағы Zeekr апаты: Үш адамның өліміне әкелген түнгі жарыстың тергеуі аяқталды13:25, 26 мамыр 2026
-
Павлодарда жер сілкінді12:31, 26 мамыр 2026
-
"Әкесі миллиондап табады": Қайрат Нұртастың қызы түсірген видео желіні дүрліктірді12:13, 26 мамыр 2026
-
"Менсініп тұрған жоқ": Гүлзира Айдарбекованың тойдағы тәкаппарлығы сөз болды (ВИДЕО)12:01, 26 мамыр 2026
-
"Әке-шешемнен ерте айырылдым": "МузАрттағы" Кенжебек әсерлі жазба жариялады (ФОТО)11:55, 26 мамыр 2026
-
Медеуден тартылатын аспалы жол. Көкжайлаудағы жаңа курорт қашан ашылады11:31, 26 мамыр 2026
-
Алматы Орталық Азиядағы ең ірі тау туризмі орталығына айналуы мүмкін11:24, 26 мамыр 2026
-
Павлодарда 12 жастағы қызды көлік қағып өлтірді11:11, 26 мамыр 2026
-
"Таңғы асты кешкі бесте береді": Нұржан Төлендиев келіні туралы айтты (ВИДЕО)16:21, 25 мамыр 2026
-
-
-
"Менсініп тұрған жоқ": Гүлзира Айдарбекованың тойдағы тәкаппарлығы сөз болды (ВИДЕО)12:01, 26 мамыр 2026
-
-
Далаға тасталған сәби: Ақтөбе сақшылары безбүйрек ананы іздеп жатыр15:26, 25 мамыр 2026
-
ЖИ фильмі: Астанада 1 млн доллар берілмек17:40, 25 мамыр 2026
-
-
"Әкесі миллиондап табады": Қайрат Нұртастың қызы түсірген видео желіні дүрліктірді12:13, 26 мамыр 2026
-
-
-
"Қыдекем нашарлап кетті": Қыдырәлі Болманов шұғыл ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО)09:42, 19 мамыр 2026
-
"Қызымен сүйіскені несі?": Қайрат Нұртастың әрекеті жұртты шошытты (ВИДЕО)14:49, 19 мамыр 2026
-
-
"Көмектесіңдер маған!": Бағдагүл емші тікелей эфирде көз жасын көл қылды (ВИДЕО)09:44, 21 мамыр 2026
-
"22 жыл қасымдасың": Баян Алагөзованың қызы күтушісінің тойында елді жылатты (ВИДЕО)11:51, 19 мамыр 2026
-
-
-
"Аға, сізге беруге бола ма": Мақпал Жүнісова Президентке сый жасады (ВИДЕО)17:32, 21 мамыр 2026
-
-
-
-
-
-
"Адам өледі, ажал қалады": Хасанғалиевтің ұлы қайғылы жазба жариялады (ФОТО)14:27, 30 сәуір 2026
-
"Іріңдеп кеткен": Гүлзира Айдарбекова қазіргі жағдайынан хабар берді10:02, 29 сәуір 2026
-
-
"Ұлымның қуығына ине тыққан": Айгүл Иманбаева сұмдық жайтты айтып берді (ВИДЕО)17:03, 04 мамыр 2026
-
-