Алматы облысында алаяқтар полиция қызметкерін алдамақ болды. Олар бұл мақсатта танымал спортшының жасанды бейнесін қолданған деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Алдымен бейтаныс адамдар өздерін Ұлттық банк өкілдеріміз деп таныстырады. Олар келіншекке "жария етілмеген шоттар" туралы хабарлайды. Қаражатты тез арада заңдастыру үшін шұғыл ақша аударуды талап етеді.
Кейінірек қаскөйлер бейнеқоңырау арқылы байланысқа шығады. Психологиялық қысымды күшейту үшін танымал UFC жауынгері Олег Тактаровтың бейнесін пайдаланады. Алаяқтар бұл үшін арнайы дипфейк технологиясын іске қосқан.
Алайда қырағы маман жасанды бейнені бірден таниды. Ол күдіктілермен сөйлесуді дереу тоқтатады. Бұл сәтсіз әрекеттен кейін алаяқтар қайта хабарласпаған.