Танымал әнші Айгүл Иманбаева ел білмейтін құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Әншінің айтуынша ол 2000 жылдары хиджаб киіп, 1 жылдан соң шешіп тастаған.
"Мен бұл туралы ешқандай сұхбатта айтқан емеспін. Ол 2000 жылдарда киіп, 2001 жылдары болған нәрсе. Мен орамалды өте қатты жақсы көремін. Мені жалпы қазаққа танытқан, ұлтыма танытқан, алақанына аялатқан менің басымдағы орамалым. "Ұят болмасын" бағдарламасында келін Айгүл болып танылдым. Халықтың батасын алды, ықыласына бөлендім. Мен орамал тақсам менің басым рахаттанады. Оны да жақсы білемін. Бірақ өзіңді танып барып, Ислам дініне деген үлкен махаббатпен, құрметпен тереңінен сезініп барып, түбегейлі сопы болып кетпесек те махаббатпен тағылған орамалдың қадірі бөлек болады. Ал менікі олай болмады. 2000-2001 жылдары орамал тақпақ түгілі ол кезде қазекеңнің 100 грамнан қолы тимей жатқан кезі болатын. Діни ағымның түр-түрі Қазақстанға лек-легімен кіріп жатқан кезі болатын. Мен сондай уақытта келдім. Бір ағыммен кірдім. Кейін оның топ екенін, ағым екенін түсіндім. Біраз ұстаздарымыздың ықпалымен мен ол ортадан шықтым. Мен сол кезде ойладым: "Мен өзімнің Жаратушымды тануым үшін дәл солай тұмшалануым қажет пе? Мен түк білмеймін ғой. Мен өзімді де білмеймін ғой. Мен имамдарға қарағанда ғалымдардан, теологтардан білім алғанды жөн деп санаймын. Бірақ түптің түбінде менің орамалға келерім анық", - деді ол.