МузАрт тобының әншісі Кенжебек Тұрсынбайұлы қасиетті Меккеден әсерлі жазба жариялап, өмірден ерте өткен ата-анасын еске алды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Өнер иесінің айтуынша, ол бұл сапарға бауырымен бірге барған. Әнші әлеуметтік желідегі жазбасында ата-анасының үмітін ақтай алды ма, жоқ па — соны жиі ойлайтынын жеткізді.
«Әкемнен төрт жасымда, анамнан 17 жасымда айырылдым. Олардың үмітін ақтай алдым ба, білмеймін… Сол кісілердің атынан ниет етіп, осы қасиетті мекенге бауырыммен бірге келдік. Баршаңызға дұға жасадық. Алла қабыл етсін», – деп жазды әнші.