Жаңалықтар
«Әжім жайдан-жай түскен жоқ»: Роза Әлқожа туған күнінде өз өмірі жайлы жан сырын ақтарды
Отандық эстрада жұлдызы Роза Әлқожа туған күнінде өз өмірі жайлы жан сырын ақтарды. Әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялап, жүріп өткен жолына баға берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Өнер иесінің айтуынша, ол 19 жасында келін атанып, 33 жасында бес баланың анасы болған. Ал бүгінгідей жетістікке жетуіне Роза Әлқожаның махаббаты мен кіршіксіз сенімі себепкер, дейді ол.
"Біреуге ерте қонған әншілік бақ маған кеш қонғанымен, отбасылық бақыт маған ерте бұйырды. Он тоғызымда келін атанып, жиырма жасымда ана болдым, шүкір! 33 жасымда бес баланың анасы, Алматы-Астанада бес үлкен кеш берген әнші-сазгер, аты-жөні белгілі тұлғаға айналдым.
Екі жүзден әннің орындаушысы, жүзден астам әннің авторы. Отызға жуық бейнебаяны бар, оннан астам альбом шығарған еңбекқор жан ретінде өзіме разымын! Жүрегіме, санама, ақылыма, сезіміме, төзіміме алғыс! Кей жолдарды қалай жүріп өткеніме бүгін таңырқап қарап қоямын! Кей жерлерде қалай төзгеніме қазір қайран қаламын! Мұның барлығы - махаббаттың арқасы! Мұның барлығы - кіршіксіз сенген, күткен, жеткен Розаның арқасы!", - деп ағынан жарылды әнші.
Осы тұста әнші сыналған сәттерін де еске алды. Ол қалың ел барда ештеңеден қаймықпайтынын алға тартты.
"Ол – туғаннан ата мен әженің алақанына түсіп, бекер мейіріміне бөленген жоқ. Алда - ізеті мен үлгісіне, сәлемі мен сөзіне жіті мән беретін жұрты бар еді! Сына қаққанда сүрінбеуге, ізін баққанда бүлінбеуге тырысқанымен, өмір тек еркелетіп отырмады. Өзіне тән қошеметі, өзіне лайық қиындығы, өзіне тән сынағын қоса берді. Бел бекер жуандап, қабақтағы қалың әжім жайдан жай түскен жоқ…
Бір Аллаға ғана тәуекел еткен жанның бағасын беруші де, несібесін жеткізуші де – халық. Бұл берген жолдарды, бұл киген киімдерді, өңдеткен әндерді, түсірген бейнебаянды бір адам ғана қолдап жасап бере алмас еді. Оған жомарттығы жетпес, мұнша дәрежеге жеткізуге ниеті де болмас?!. Бұл – үздіксіз хәм ұзақ жылдар жүрген жолдар жемісі, бітпеген төзім мен үзілмеген үміттің жеңісі!
Иә, кейде жақыннан өртемесе я жауратпаса, алыстан біреу аяқтан шала алмас?! Иә, кейде кейбіреу көзбе-көз келіп көңіліңді түсірмесе, шалғайдағы шаруа қашанда өз ісімен күнелтер?!. Жанын тілімдеп, жүзін тұқыртып, өзін күйретіп жібергісі келгендер, келетіндер көп ішінен табылар да?! Бірақ жақсы көріп, бауырына тартқан қалың елі барда неден қаймығады?!
"Ақтың отын ақымақ үрлеп өшіре алмас" деп анасы ескертіп отырады. Жаратқанның берген жарылқауын пенде өзгерте алмақ емес! Қош келдің, жаңа жасым!", - деп түйіндеді Роза Әлқожа.
-
-
Дастан Сәтпаевтың құны 3 миллион еуроға жетті11:08, 10 қараша 2025
-
Ақмола облысында екі жаттықтырушы жарыс кезінде төбелесті10:49, 10 қараша 2025
-
Ресми: Елена Рыбакина әлемнің бесінші ракеткасы атанды10:45, 10 қараша 2025
-
Тұрсынбек Қабатов тоқалы барын мойындады10:06, 10 қараша 2025
-
"Ұятты жерінің бәрі көрінді": Тойда билеген әйел жұрттан оңбай сөз естіді (ВИДЕО)09:36, 10 қараша 2025
-
-
-
-
-
Актер Қуандық Шәкіржановтың төбелес сәті видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)12:41, 09 қараша 2025
-
Қарақат Әбілдина «Қыдырәлінің жас қызбен сүйіскен» видеосына ашық мәлімдеме жасады15:10, 09 қараша 2025
-
Астанадағы апат: екі фельдшер ауыр жарақат алды13:28, 09 қараша 2025
-
Атырау әуежайында жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген ер адам ұсталды14:20, 09 қараша 2025
-
Ақ үйдегі кездесу: Тоқаев пен Трамп жаңа серіктестік дәуірін бастады16:30, 09 қараша 2025
-
Қазақстан құрамасы Бангкокта 40 медаль жеңіп алып, тарих жазды17:25, 09 қараша 2025
-
Тұрсынбек Қабатов тоқалы барын мойындады10:06, 10 қараша 2025
-
-
"Ұятты жерінің бәрі көрінді": Тойда билеген әйел жұрттан оңбай сөз естіді (ВИДЕО)09:36, 10 қараша 2025
-
-
«Иманы саламат болсын»: Мұхтар Шаханов қара жамылды19:46, 05 қараша 2025
-
"Қызылорданың қызы": Қабатовтың тоқалы туралы тың дерек шықты15:02, 03 қараша 2025
-
Мөлдір Мұқанова ажырасқандарын енесі қалай қабылдағанын айтты (ВИДЕО)12:06, 03 қараша 2025
-
"Осы әйел үшін отбасын ойран етті": Тұрсынбектің жас "тоқалының" жүзі жария болды (ФОТО)09:01, 03 қараша 2025
-
-
"Небір сұмпайы тірліктер жасады": Мөлдірдің әпкесі күйеу баласы туралы жазды (ВИДЕО)11:11, 04 қараша 2025
-
"Балалаларыммен біргемін": Тұрсынбек Қабатов Мөлдірдің сұхбатын жоққа шығарды12:35, 03 қараша 2025
-
"Алған жақсы жары ол-мен": Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы жазба жариялады10:38, 03 қараша 2025
-
"Қасынан бір елі қалмайды": Тұрсынбек Қабатовтың жас тоқалының видеосы тарады (ВИДЕО)14:57, 05 қараша 2025
-
-
"Қызымның ұстайтын жері қалмапты": Сәкеннің құдағиы ренішін айтты (ФОТО)10:18, 16 қазан 2025
-
-
-
-
Аида Балаева қаралы хабар айтты15:04, 20 қазан 2025
-
-
-
"Жасанды сұлулық иесі": Қоғам белсендісі Динара Сәтжанды оңдырмай сынады13:02, 14 қазан 2025
-
«Иманы саламат болсын»: Мұхтар Шаханов қара жамылды19:46, 05 қараша 2025
-