«Қорқыта алмайсыздар»: Жұлдыз Әбдікәрімова өзіне шабуыл жасалғанын айтты

Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасына шабуыл жасалғанын, оларға ресми шағым түсіріп, мән-жай анықталып жатқанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.

«Кеше Түркістаннан Алматыға ұшаққа отырғанда бәрі тыныш еді. Бір жарым сағат әуе жолда интернет болмайтыны түсінікті. Жерге қонған бойда хабарлама келді:

«10 аккаунттан шағым түсіріліп, сіздің инстапарақшаңыз бұғатталды»- деген. Мен шұғыл командама хабарласып, парақшаны қайтаруды тапсырдым», — деп жазды ол.

Актрисанің сөзінше бұған дейін оған анонимді түрде талай шабуылдар жасалған. Әсіресе, соңғы уақытта.

«Ескертемін. Мұндай әрекетпен мені қорқыта алмайсыздар! Инстаграмнан басқа YouTube, Facebook, TikTok, Telegram, одан қалса ресми БАҚ, телеарналар мен сайт басылымдары бар екенін ұмытпағайсыздар! Ресми шағым түсіріліп, мән-жай анықталуда. Осыдан кейін екінші парақша ашамын деп шештім. Барлығын алдағы уақытта хабарлаймын», — дейді Әбдікәрімова.

Ол шабуыл жасаушыларға ресми шағым түсіріліп, мән-жай анықталып жатқанын жеткізді.

«Ал сот мәселесіне келсек, соңына дейін баратынымды қайталап айтамын. Ешқандай лауазымды, билік басындағы адамдардың араласуы мені тоқтатпайды! Сондай-ақ бірінші, екінші отырыста қаралмаған дәлелдер үшін де жауап талап етемін», — деп жазды ол.