Иран мен Ирак әуе кеңістігін жапқан соң Air Astana мен FlyArystan компанияларының кейбір тұрақты және жеке рейстерін өзгертті, деп жазады ozgeris.info.
"Air Astana тобы Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір Air Astana және FlyArystan тұрақты және чартерлік рейстерінің бағытындағы өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етеді. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха, Манама және Мединаға рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айланып ұшады", – деп хабарлады Fly Arysran әуе компаниясы.
Бұл ретте олар осы өзгерістерге байланысты кейбір рейстердің кестесі де өзгеретінін ескертті.