Жаңалықтар

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасын ауыстырмақшы: жәбірленуші тарап өз қарсылығын білдіруде

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасын ауыстырмақшы: жәбірленуші тарап өз қарсылығын білдіруде

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат өзіне кесілген жазаны айыппұлмен ауыстыру туралы сотқа өтініш білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Іс бойынша жәбірленуші саналатын адвокат Анна Чернова ақпаратты бөлісті. Алматы қаласы Алатау аудандық соты да мұны растады.

"Иә, сотталған азаматтан Қылмыстық кодекстің 73-бабы бойынша "тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру немесе жаза мерзімін қысқарту" тәртібімен жеңілдету жөнінде өтініш келіп түсті", – деді сот өкілдері.

2024 жылдың күзіне қарай сот Нұрасыл Болаттың жазасының өтелмеген бөлігін 1 жыл 5 ай 10 күнді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы шешім шығарған еді. Себебі ол пробациялық бақылау талаптарын үш рет бұзды. Мәселен, ол 11 қазан күні сағат 19:30-дан 21:45-ке дейін мейрамханада болған. Ал 12 қазан күні сағат 4:15-тен 4:59-ға дейін караоке аумағында жүргені тіркелген.

Нұрасыл Болаттың айтуынша, электронды білезігінің қуаты бітіп қалғандықтан караокеге досынан қуаттағыш алу үшін барған. Бірақ ішіне кірмегенін алға тартты. Қазір ол жазасының үштен бірінен астамын 7 ай 22 күнін өтеген.

Ал Нұрасыл Болаттан зәбір көрген адвокат оның бұл өтінішіне қарсы. 

"Мекеме басшысы жазаны айыппұлға ауыстыруға қарсы, мен де солай. Өзің таппаған ақшамен жазаны жеңілдету оны өтеу емес, жай төлем сияқты. Бас бостандығын шектеудің басқа да баламасы бар еді. Бірақ оны қалай өтегенін бәріміз көрдік", - деп жазды қорғаушы. 

Барлық жаңалық