Jusan Bank қызметкері тұтынушыға қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан, - деп жазады ozgeris.info.
Бұл туралы Threads желісінің қолданушысы жазды. Сөзінше, қазақ тіліндегі қызметті таңдаса да оған қол жеткізу мүмкін болмаған.
"Мен талонды қазақ тілінде алдым. Бірақ қызмет көрсетуші қазақ тілін білмейді. Заң бойынша маған қазақ тілінде қызмет көрсетуі керек", - деді ол.
Желі қолданушылары аталмыш жайтты қызу талқылап, түрлі пікір жазды.
"Мемлекеттік тілді білмейтіндерді не үшін жұмысқа алады", "Неге қазақ тілінде дұрыс қызмет көрсетпейді", "Әйел адам қазақ тілінде қызмет алуды таңдап тұр. Оның қалауы орындалған жоқ. Бұл - банктің кінәсі", "Қызмет көрсету орындарына қазақ тілін білетіндерді отырғызу керек", - деді олар.