Шоу-бизнес

"Маңғыстаудың қызы үшін аз": Сәкен Майғазиевтің құдаларына берген қалың малы сөз болды (ВИДЕО)

“Музарт” тобының әншісі, Сәкен Майғазиев тұңғыш ұлы Әділеттің қалыңдығына қанша теңге қалыңмал бергені белгілі болды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесі салт-дәстүрге берік Маңғыстау елімен құда болған еді. 

"Қалыңмалы мен тоймалын бір конвертке салып, 5 миллиондай алып келдік. Соны ұсынғалы тұрмыз", – дейді әншінің ағасы. 

Желі қолданушылары әншінің берген қалыңмалына қатысты түрлі пікір білдіріп, аз-көп екенін талқылап жатыр. 

"Соны айтпай беруге болмай ма?!”, “Маңғыстаудың қыздары үшін өте аз”, “Дардай әнші, жалғыз ұлының бергені сол ма?", "Маңғыстауда ешқашан қалыңмал осындай беру керек деген болмаған, қанша берсе соны алып қанағат деп отыра береді", "5 млн қанағат, әнші болса бет алды шаша бере ме, алда үлкен той тұр", "Ренжімеңіздер, менің өз ойым, Сәкенге 5 млн аз, бергесін 10 млн беру керек еді", “Қарапайым отбасының адамы да 5 миллион теңге береді”, – деп жазды желі қолданушылары.

Еске салайық, әншінің келіні мәһрге алтын сақина сұрап, көпшіліктің ықыласына бөленген еді. 

“Жұрт вилла сұрайтын заманда сақина сұрағаны жақсы болды”, “Тәрбиелі, қазақ отбасында өскен қыз екені көрініп тұр”, “Сәкеннің келіні болудың өзі – мәһр ғой", “Жастар бақытты болсын!", “Мәһр деген қайтадан шыққан ба?!”, – деп жазды көпшілік. 

Барлық жаңалық