Жаңалықтар

"Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған": Қырғызстандық әнші қамауға алынды

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікті ұсталғанын хабарлады. Жергілікті БАҚ мәліметінше, әңгіме әнші Қайрат Примбердиев турасында болып отыр, - деп хабарлайды ozgeris.info сайты. "Нәсілдік, этникалық, ұлттық және діни араздықты қоздыру" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында 1985 жылы туған Қырғызстан азаматы анықталған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, күдікті YouTube-арналарының бірінде ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдемелер жасаған. Әншіге қатысты елден кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
"Қазір қажет тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. МҰҚК Қырғызстан заңнамасына сәйкес нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе өңірлік араздықты қоздыру әрекеттері үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді", - деді ведомство өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін қырғызстандық әнші Қайрат Примбердиев Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұрап, бұл мәлімдеме әлеуметтік желілерде қызу пікірталас туғызған еді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от КР УКМК | ГКНБ КР (@gknb.official)

Барлық жаңалық