Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың жиған-тергенін қайда жұмсап жатыр?
Әлеуметтік желі қолданушылары жаппай зейнетақы қорындағы ақшаларының белгісіз жағдайда жоғалып кеткенін айтып шағымдана бастады. Желі қолданушысы шотын тексерген уақытта бір ай ішінде жиналған сомасынан 95 000 теңге ұрланғанын көрген.
«БЖЗҚ-нің басшылығынан бастап, қарапайым менеджерлеріне дейін жұмыстан қуу керек. Барлығы шетінен қабілетсіз және біліксіз мамандар. Солардың кесірінен мен шығынға ұшырап, зейнетақы жарналарымды жоғалтып жатырмын. Барлықтарыңызға кеңес, міндетті түрде шоттарығызды тексеріңіздер, бәріміздің ақшаларымызды ұрлап жатыр», — деп жазды «Еркін Қазақстан» партиясының негізін қалаушы Нұр Қанатұлы.
Оның айтқанын көпшілік қолдады. Зейнетақы қорына кіріп қараған әр бір салымшының ақшалары бір ай ішінде қомақты сомада минусқа кіріп кеткен.
«Менде 57 000 теңге минус. Әр бір азаматтан ұрланған осындай сома түбінде миллиардтар емес пе? Бұл ақылға қонымсыз».
«Дәл осы себептермен БЖЗҚ қызметін пайдаланбаймын. Тек минималды соманы салып отырамын. Депозитке салған әлдеқайда тиімді, және пайызы бар».
«Бұл тек бір айдың көрсеткіші. Ал жыл соңында не болады? Бұл миллиондаған қаражат».
«Ай сайын балаларға бөлінетін 100 долларды біздің шоттарымыздан алып жатқан сияқты».
Посмотреть в Threads
Журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзінің Facebook парақшасында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың ақшасын ұрлап жатыр деп жазған еді.
«Біздің ақшамызды ұрлағанды қашан қоясыңдар? Менің зейнетақы шотым 2013 жылы ашылған жоқ, 2002 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасында қызмет етіп жүргенде ашылды. Ол жердегі 4.5 жыл бойы үздіксіз аударылған зейнетақы жарнам қайда?», — деп өзінің наразылығын білдірген.
Журналист ел тұрғындарына зейнетақы қорындағы қаржатты ай сайын емес, апта сайын, тіпті, күн сайын бақылап отыруға кеңес берді.
«Әйтпесе ақшаңыз ұрланғанын мен ұқсап білмей де қаласыз. Мен де соңғы 7-8 жылда қадағалап, тексермегенмін. Жаңа ойыма түсті де, мобильдік қосымшасы бар ма екен деп гуглдан қарай салсам, бар екен. Жүктеп алдым да, тіркеліп, тексере салсам, «шот 2013 жылы ашылған» деп тұр. Қалайша ол 2013 жылы ашылады? Оған дейінгі зейнетақы аударымдар қайда? Тым болмаса, 2012 десеңдер бір жөн. Сол жылы қаңтарда салық комитетіне тіркеліп, ИП ретінде бүкіл салықтарды өз қолыммен төлеп отырғанмын. Менің зейнетақы шотымда 8.5 млн теңге баяғыда жиналатын уақыты болған», — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.
ПІКІР ЖАЗУ