Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалында күресті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
77 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан Демеу Жадыраев жартылай финалда Жапондық Нао Кусакамен белдесті. Бұл кездесуде қазақстандық балуан жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Демеу Жадыраев – әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының күміс және қола медаль иегері. Ал Ақжол Махмудов – Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы. Демеу Жадыраев 1/8 финалда Колумбия спортшысы Джейр Куеромен күресіп, мерзімінен бұрын 8:0 есебімен жеңіп, ширек финалда Қырғызстан өкілі Ақжол Махмудовты 3: 1 есебімен жеңсе, ал жартылай финалда Әзербайжан өкілі Санан Амрах оглы Сулеймановты 6:1 есебімен жеңген болатын.
ПІКІР ЖАЗУ