Билік қайда қарап отыр? Арабша жазуы бар қазақтың туын сатқан ресейлік платформа жазадан құтылып кетті

Фото: ашық дереккөз

Бет-аузын тұмшалаған төрт қызға сот үкімі шықты.

Араб жазуы бар Қазақстанның жалауымен сұқ саусағын көтеріп суретке түскен төрт қызға сот үкімі шықты. Бұл оқиға әлеуметтік желіні шулатқан еді. Қоғам белсенділері мен жанашырлары жат ағымның жетегіне кеткен азаматтарды бақылауға алу керек деп талап қойған.

Ең сорақысы, арабша жазуы бар қазақтың туын ресейлік платформа емін-еркін сатқан. Бағасы небәрі 4990 теңге. Енді шу шыққан соң Wildberries интернет-дүкені туды сатылымнан алып тастапты. Яғни, шетелдік платформа жауапкершіліктен оңай құтылды. Аталмыш оқиға туралы Ozgeris.info тілшісі толық материал жариялаған. Сол кезде блогер әрі қоғам белсендісі Оңғар Қабден шетелдік интернет дүкендерін тексеретін уақыт келгенін айтып, дабыл қаққан.

Оқи отырыңыз: «Жат діннің жетегінде кеткендер қоғамға қауіпті»: Неге мемлекеттік рәмізді қорлайтын өнімдер ашықтан ашық сатылуда?

«Мемлекеттік рәміздерді қорлау заңмен қатаң қудаланбаса ертең бұдан зорын көреміз! Ел болуымыз да қиын мәселеге айналады. Шетелдік маркетплейстер қызметін реттеп тексерудің де уақыты келді. Бұл “туды” жасағандарды да табу керек. Оларға жаза қатаң болуы бұл мәселенің алдын алады», — деп пікір білдірген.

Сол туды ұстап, суретке түскен қара жамылған қыздар да тым оңай жаза арқалады дейді қоғам белсенділері.

«Аты-жөндері де түрлері де сол күйі белгісіз. “Позор болдым, жалпақ жұртқа жаман атым шықты” — деп еш қысылмайды. Бет-ауызды тұмшалап алғанның ең тиімді тұсы осы шығар?!», — деп шүйлікті Диас Нұрақын.

Сот мұны «ұсақ бұзақылық» деп танып, қыздардың біреуін 15 тәулікке қамап тастады. Оның жазасын ауырлатқан жайт — әрекетке жасөспірімді тартқан және топ болып әрекет етуге себепші болған.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бабына сәйкес, мұндай әрекетке 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған», – дейді Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты.

Екінші қызға 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынды. Үшінші, кәмелет жасына жетпеген қыздың ата-анасы да 39 мың теңге айыппұл төлейтін болады. Фотода төртінші қыздың қандай жаза алғаны белгісіз.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств